Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

О.Сүлейменов: Н.Назарбаев Жалпықоғамдық ядролық қарусыз әлем Декларациясының жүзеге асуын жеделдетуді ұсынды

МАГАТЭ-нің жаңа АЭС үшін отын таблеткаларын өндіруді АҚШ пен Ресейге сеніп тапсырып, ал оны отын банкіне бір жерде сақтауды қабылдауға байланысты ұсынысына Қазақстанның келіскені орынды сияқты. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне эксклюзивті сұхбат берген КСРО-дағы алғашқы «Невада-Семей» ядроға қарсы қозғалыстың негізін қалаушы, Республикадағы шығармашылық одақ Ассоциациясының жетекшісі, қазақстандық қайраткер ақын, жазушы, лингвист, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов айтты.
Астана қаласы27 Сәуір , 12:53

««Невада - Семей» қозғалысы бірден бұл сұрақтың жауабы бола қойған жоқ. Өкінішке қарай, ғалымдар қалдықсыз АЭС құрмайынша, адамзат «бейбіт атом» энергиясына мұқтаж болады әлі. «Ескі» АЭС әлі де жердің түрлі қиырларында салынатын болады. Егер, осы жердің түрлі қиырларындағылар өздері отын таблеткаларын шығара бастаса, күндердің күнінде «қарулы материал» жасап шығулары әбден мүмкін. Сондықтан, МАГАТЭ-нің жаңа АЭС үшін отын таблеткаларын өндіруді АҚШ пен Ресейге сеніп тапсырып, ал оны отын банкіне бір жерде сақтауды қабылдауға байланысты ұсынысына Қазақстанның келіскені орынды сияқты. Өйткені, Қазақстан Атом проблемасын жетік біледі және  оны әлемге таратпауға мүдделі»,-деді О.Сүлейменов.

Сонымен қатар ол, осы айдың басында АҚШ-та өткен ядролық қауіпсіздік Саммиті туралы да ойын айтты.

«Вашингтондағы бұл кездесуде бұрын өткен Сеул Саммитіннен кейінгі әлемде жасалған жұмыстардың қорытындысы жасалды. Екі жылдың ішінде жоғары байытылған уранның үлкен көлемі жойылды. 30-дан астам ел ядролық қауіпсіздік жөнінде ұлттық міндеттемелер қабылдады. Президент Н.Назарбаев Республикада және МАГАТЭмен бірлесе жасаған жұмысы туралы есеп берді. Н.Назарбаев АЭС-ғы соңғы апат, әсіресе «Фукусимадағы» жағдайлар бойынша қағидаларды тұжырымдап, ядролық өндірісте қауіпсіздікті нығайтуға қызмет жасайтын бейбіт энергия тәртібін ұсынды. Сонымен қатар, Н.Назарбаев Жалпықоғамдық ядролық қарусыз әлем Декларациясының жүзеге асуын жеделдетуді ұсынды. Бұл ядролық қару бойынша Конвенцияға апаратын маңызды қадам. Біздің Президент екі жыл сайын осындай Саммитте жиналып тұру жөнінде ұсыныс жасады. Солардың бірін болашақта біздің елде – Астанада өткізуді де ұсынды»,-деп атап өтті  белгілі мемлекет және қоғам қайраткері.

Данияр Қасымов

Фото: 365info.kz




Яндекс.Метрика