Білім беру

БҒМ 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мұғалімдердің қағаз жүзіндегі есебін қысқартуды жоспарлауда

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мұғалімдердің қағаз жүзіндегі есебін тоқтатуы мүмкін. Осындай мақсатты ҚР БҒМ өз алдына қойып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі халықпен есепті кездесуінде мәлім етті.
Астана қаласы27 Сәуір , 12:29

«Есеп беру мәселесі қиын мәселенің бірі. Үлкен жұмыс жасалды. Біз өз алдымызда тапсырма қойдық – 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектептерді есептік қағазды тоқтату»,-деп халықтың қойған сауалына жауап берді.

Одан әрі Е.Сағадиев осы бағыт бойынша нақты қандай жұмыстардың атқарылып жатқандығын айтып өтті.

«Бұл үшін жұмыс үш бағытта жүргізілуде. Бірінші бағыт – ҚР БҒМ-ның IT-департаментін күшейту. Біз қазір осымен айналысудамыз, қызметті кеңейтудеміз, олар түрлі базаны бір базаға біріктіреді. Ол бізде нақты жүйенің болуы үшін жасалуда. Екінші – мектептерге Қазақстанның әрбір ведомствосы барып есепті талап ете алды. Біз өзгерулер енгіздік, ҚР Президенті «Балалрдың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңын қабылдады, ол жерде ҚР БҒМ мектептерден есепті талап ететін жалғыз орган болып келеді»,-деді ведомство басшысы.

«Үшінші – бізге БҒМ талап ететін есеппен жұмыс істеу керек. Біз ішкі есеп беруді қысқартуымыз керек, бірыңғайлау керек. Осылайша біз, 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап есептік қағазға тыйым салып, оның мөлшерін азайтуды мақсат ретінде қойып отырмыз»,-деді ол.

 




Яндекс.Метрика