Білім беру

Е.Сағадиев: 12 жыл ішінде мектептерде мемлекеттік тілдегі пәндердің саны артады

Білімнің жаңартылған мазмұнына сәйкес, 12 жыл ішінде қазқ тілінің сағат саны мен мемлекеттік тілдегі пәндердің саны артады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі халықпен есепті кездесуінде мәлім етті.
Нұр-Сұлтан27 Сәуір , 12:19

«Үштілділіктің дамуы. Біріншіден, ол не үшін керек? Бүгінгі күні болашағымыз ағылшын тілімен байланысты екендігіне күмән болмау керек. Оны мектеп кезден бастау керек және біртіндеп білімді ұлғайту керек. Бұл жерде Қазақстанда үштілділікті енгізу – бұл қазақ тілінің толық білімі деп білу керек. Қазақ тілін оқу басымдылық болды және солай болады. Сол себепті барлық мектептерде, оған орыс тілді мектептерді де қосқанда, қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен бөлек, оған Қазақстан тарихы қалады,-деді министр.

Минситр қазақ тілі мен қазақ тіліндегі сабақтардың сағатының өсуіне байланысты халыққа осыған көңіл бөлу керектігін айтып өтті.

«Білімнің жаңартылған мазмұнына сәйкес, орыс тілді мектептерде 12 жыл ішінде қазақ тілін оқыту мен қазақ тілді оқулықтар 300 сағатқа өседі»,-деді ҚР БҒМ басшысы.

Естерінізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде халықпен есептік кездесу өткізуде. 




Яндекс.Метрика