Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев ресми сапармен Сауд Арабиясына 2016 жылдың күзінде барады – СІМ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд арабиясына 2016 жылдың күзінде ресми сапармен барады. деді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Сауд Арбаиясының сыртқы істер министрі Адель аль-Джубейрамен келіссөздерінің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан27 Сәуір , 12:04

«Мемлекет басшысының Сауд арабиясына сапар жасау бойынша келісімдер орнатылды. Менің әріптесімнің сапары Елбасының сапары алдындағы дайындық ретінде қарастырылып отыр», - деді министр.

«Қазақстан Президенті күзде Королдікке баруды жоспарлауда. Бұл біздің қарым-қатынасымыздың тереңдеуіне әкеледі. Біз бірқатар келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. Біз ынтымақтастығымызды күшейте түсетін бірқатар келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. Біз Қазақстанның ИЫҰ саммиті аясында  таныстырған баяндамасының бастамасын қолдаймыз. Мен үшін сіздердің Президентті қарсы алу жоғары мәртебе. Сізді де біздің елге шақырамыз, Ерлан Ыдырысов мырза. Бауырлас елдер арасында ынтымақтастық одан әрі дамығанын қалаймын», - деді Адель аль-Джубейрой.

 

 




Яндекс.Метрика