Білім беру

Е.Сағадиев: Қазақстандық оқытушылар мектеп бағдарламасына енгізілетін жаңалықтарға дайын

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сғадиев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҰУ-де халықпен кездесуі барысында отандық білім бағдарламасына енгізілетін жаңалықтарға, соның ішінде мектептердің дайындығы туралы мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан27 Сәуір , 12:02

«Президенттің тапсырмасы бойынша жалпы жұмыстар 15 жыл бұрын басталды. Сондықтан, осы 15 жылда дайындалғанымыз бүгінгі жаңалықтарды қорықпай енгізуге негіз болады, деп есептейміз. Мен ресми мәлімдегім келетіні: эксперименттердің бәрі аяқталды. Енді біз соңғы 15 жылда атқарған жұмыстар бойынша нақты жоспарларды іске асыратын боламыз» ,-деді ол.

Сонымен қатар, министр мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіштерін де алға тартып, балабақшалар санына да тоқталды.

«2015 жылы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 16 пайызға артып, 81,6 пайызды құрады. Бұл -жаңартылған мазмұнға даярлауда өте маңызды қадам. Атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдар желісі 740-қа артып, 9 мыңға жуықтады. Негізінен, бұл ұйымдар мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің өсуі есебінен болды»,-деді министр. 

Оның өзіне қарағанда, жеке балабақшалармен шағын орталықтардың саны 3,5 еседен астам деңгейге артты, яғни 500-ден 1 800-ге дейін жетті. Мемлекеттік бюджет есебінен 300-ге тарта балабақша салынды. 

«2015 жылы мектепке дейінгі білім беру стандарты жаңарды. Мектепке дейінгі даярлықтың жаңа білім беру бағдарламасы еліміздің 30 қанатқақты мектебінің базасында апробациядан өтіп жатыр»,-деді министр.




Яндекс.Метрика