Қазақстан мен Сауд Арабиясы барлық деңгейдегі саяси диалогтың тереңдеуіне дайын

Қазақстан мен Сауд Арабиясы барлық деңгейдегі саяси диалогтың тереңдеуіне дайын, деді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Сауд Арбаиясының сыртқы істер министрі Адель аль-Джубейрамен келіссөздерінің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан27 Сәуір , 11:57

«Біздің елдер саяси диалогты одан әрі тереңдетуге мүдделі. Осы жылдың 30 сәуірінде біздің елдер арасында орнатылған дипломатиялық келісімге 22 жыл толады. Осы жылдары екі ел арасында нығым ынтымақтастық орнады. Қазақстан тәуелсіздік жылдарынан бастап Сауд Арабиясы көрсетіп келе жатқан қолдауды жоғары бағалайды», - деді министр.

Ыдырысов министрге айтап отырып, Қазақстан ел тарапының көрсеткен қолдауын еш уақытта ұмытпайтынын жеткізді.

«Өздеріңізге мәлім, бірқатар нысандар Сауд Арбаиясының қолдауымен тұрғызылды. Королдік жаһандық және өңірлік саясатта ерекше  рөл атқарады. Сауд Арабиясының рөлі мен орнына баға беру мүмкін емес. Біз Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында тығыз қарым-қатынас орнағанына ризамыз», - деді Е.Ыдырысов.

 




Яндекс.Метрика