Білім беру

Осы жылдың жаз айларында бірінші сыныптың 73 мың мұғалімі арнайы дайындықтан өтеді

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазақ мектептерінің бірінші сыныптарына білім берудің жаңартылған мазмұны енгізіледі. Жаз айларында 73 мың оқытушылар арнайы дайындықтан өтеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі халықпен есепті кездесуінде мәлім етті.
Нұр-Сұлтан27 Сәуір , 11:53

Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жұртышылық өкілдерімен Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрі Ерлан Сағадиевтің есеп беру кездесуі өтуде.

«Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңартылған мазмұнды енгіземіз, олар функционалдық сауаттылыққа негізделген, оны Қазақстанның 7,5 мың мектептеріндегі бірінші сыныптарына енгізуді бастаймыз. Енгізу кезең бойынша жүргізіледі. Келесі жылы тағы үш сыныпқа, бір жылдан кейін – тағы үш сыныпқа және осылай кете береді. Осымен сараптама аяқталды. Жаңартылған мазмұн шамамен 100 мектепке енгізілді. Бұл мектептерде бір орынға  20 адам кезекте тұр»,-деді Е.Сағадиев.

ҚР БҒМ басшысының айтуынша, осы жылы бірінші сыныптың 73 мың оқытушысы арнайы дайындықтан өтеді.

«Бізде барлығы ойластырылған. Осы жылы бірінші сыныптың 73 мың оқытушысы арнайы дайындықтан мектептерде сабақ беру үшін өтеді. Жаңартылған мазмұн бескүндік оқуға көшуге көмектеседі және оқулықтардың санын азайтады. Ол осы жылы емес. Біртіндеп болады»,-деді министр.

Е.Сағадиевтың айтып өткеніндей, оларды 700 жаттықтырушы  оқытады және олар жаңартылған білім берудің мазмұнымен таныс  адамдар.

«Оқу оқып келген 700 оқытушылар басында оқуға скептик ретінде келді, кейіннен оптимист болып шықты»,-деді министр. 




Яндекс.Метрика