Басқару

2015 жылы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында анықталған бұзушылықтар бойынша 79,8 млн теңгенің 647 айыппұлы салынды

2015 жылы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында анықталған бұзушылықтар бойынша 79,8 млн теңгенің 647 айыппұлы салынды, деді Еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі «KIOSH-2016» көрмесі барысында ДСӘДМ әлеуметтік қорғау және көші-қон, еңбек комитетінің төрағасы Ахмади Сарбасов.
Нұр-Сұлтан27 Сәуір , 11:46

«Өндірістік жарақаттың ең жоғарғы көрсеткіші Қарағанды облысына тиесілі (294 адам), Шығыс Қазақстан облысында (216 адам), Қостанай (153 адам), Павлодар (164 адам) және Алматы қаласында (137 адам). Ең көп зардап шеккендер құрылыс саласында және тау-кен металлургия кешенінде (646 адам) екені анықталып отыр», - деп атап айтты Ақмәди Сарбасов.  

2015 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларының тексеруі барысында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында анықталған бұзушылықтар бойынша 1504 нұсқама беріліп, 79,8 млн. теңгеге 647 айыппұл салынды.

«Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына төнген қауіп-қатерге байланысты анықталған бұзушылықтарды жоюға дейін 27 өндіріс нысандарының, 7 бірлік жабдықтар мен механизмдердің жұмысы тоқтатылды және 376 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Құқық қорғау органдарына 1974 материал жіберіліп,  оның ішінде 180-і бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика