Адами капитал

Қазақстанның әскери ақ желеңділері Армия ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр (ФОТО)

Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі әскери медициналық қызметтер алғаш рет «Әскери медициналық эстафета» байқауында Армия халықаралық ойындарына қатысуға дайындалуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 27 Сәуір, 20:43

 Құрлық әскерлерінің Гвардейск гарнизоны оқу-жаттығу орталығының базасында байқаудың ашылу рәсімі өтті. Өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің 5 командасынан құралған үздік 34 әскери-медициналық маман жаттықтырудан өтіп, Құрлық әскерлері арасында «Әскери-медициналық эстафета» байқауында тартысқа түседі.

 Байқау шеңберінде әскери ақ желеңділер әскерлердің жауынгерлік даярлығын медициналық қамтамасыз етуде қолданып жүрген кәсіби дағдыларын паш етеді.  Эстафетаның әрбір қатысушысы кедергілер жолағынан, атыс шебінен өтеді. Сондай-ақ ұрыс алаңынан шартты жаралыларды шығару және медика-санитарлық көмек көрсету бойынша кәсіби машықтарын көрсетеді.  

 Мұның барлығын әскери медиктер жасай білуі тиіс. Қазіргі кезде үздіктерді, Армия халықаралық ойындары-2016 сайысында еліміздің намысын кім қорғайтынын анықтау үшін олар сайысқа түсуде. Осы жарыстың мақсаты  халықаралық әскери ынытмақтастықты нығайту, әскери қызмет пен медициналық мамандардың әскери-кәсіптік қызметінің беделін арттыру болып табылады.

 Жеңімпаздар «Жеке шеберлік» пен «Командалық біріншілік» аталымдарында анықталады. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар Ресей Федерациясында өтетін Армия ойындары-2016 сайысының халықаралық кезеңінде қатысуды жалғастырады.

 

 

 





Яндекс.Метрика