Басқару

2020-шы жылға дейін ҚР-да экономиканың барлық саласында 150 кәсіби стандартты жетілдіру жоспарлануда

2020-шы жылға дейін ҚР-да экономиканың барлық саласын қамтитын 150 кәсіби стандартты жетілдіру жоспарлануда, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Астанадағы еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздік бойынша өтіп жатқан KIOSH 2016 Халықаралық конференциясында.
Нұр-Сұлтан27 Сәуір , 11:32

«Мемлекет еңбек жағдайын жақсартуда стратегиялық серіктес ретінде кәсіподақтың қызметін қолдайды және ынталандырады. Кәсіподақтар қазір еңбек қауіпсіздігі жағдайын құру бойынша ұсыныстар дайындау үрдісіне қатыса алатын мүмкіндік алды. Біз қазір ұлттық біліктілік жүйесін енгізудеміз»,-деді Т.Дүйсенова.

Митнистрдің айтуынша, жұмыс берушілер ұсынатын жыл сайын 25-30 мың жұмыс орыны мамандардың біліксіздігінен сол күйі бос қалады.

«Бұл жұмыс берушінің талабын біздің жоғары немесе орта мамандандыру оқу орындарын аяқтап, белгілі бір мамандықты меңгеріп шыққан жұмыскерлердің тиісті талапты орындай алмайтындықтарымен тікелей байланысты. Осыған байланысты қазір біз жұмыс берушілермен бірлесіп ұлттық біліктілік жүйесін енгізетін боламыз. Біз кәсіби стандартты жетілдіруіміз керек – бұл колледждер мен жоғары оқу орындарына олардың жұмыс берушіның талабына жауап бере алатын маман дайындап шығулары үшін берілетін техникалық тапсырма»,-деп түсіндірді министр.

Анара Таныркулова




Яндекс.Метрика