Парламент

Мәжіліс ҚР мен РФ арасында темір жол учаскелері арқылы жүк тасымалдау келісіміне енген өзгерістерді қабылдады

Парламент Мәжілісінің отырысында депутаттар Қазақстан мен Ресей арасында темір жол учаскелері арқылы жүк тасымалдау келісіміне өзгерістерді қабылдады.
Нұр-Сұлтан27 Сәуір , 11:28

Мәжіліс  2006 жылғы 15 тамыздағы Ресей мен Қазақстан аумағында орналасқан қос мемлекеттің темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы үкіметаралық келісімдерге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасына енген өзгертулерді қабылдады.

2012 жылы Павлодарда жасалған хаттама арқылы бұрынғы келісімге жүктерді тасымалдау кезінде келісілген тарифтік саясатты жүргізуге және тарифтерді есептеуді екіұдай түсінуге жол бермейтін өзгерістер енгізілмек.

Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев атап өткендей, аталмыш келісімнен 12 және 14 баптар алынып тасталды. Онда жүк тасымалдау кезінде ресейлік бірқатар аймақтар мен қазақстандық аймақтардың бірнеше станциясында төлем өткізу қажет болатын.

Дауыс беру барысында аталмыш келісімге енген өзгертулер мақұлданды.

 

 




Яндекс.Метрика