Парламент

Мәжілісте Сауд Арабиясымен салық салу туралы заң жобасы қаралуда

ҚР Парламенті Мәжілісінің күн тәртібіне «Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қосарланған салықтан жалтару және салық салудан бұлтаруды болдырмау жөніндегі Конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылған.
Нұр-Сұлтан27 Сәуір , 10:47

Жалпы отырыс барасында төменгі палата депутаттары «Қазақстан Үкіметі мен Сауд Арабия :кіметі арасындағы қосарланған салықтан жалтару және салық салудан бұлтаруды болдырмау жөніндегі Конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасына қорытынды шағаруға дайындық бойынша мәселелерді қарады.

«Аталмыш келісім Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Келісім екі мемлекеттің кіріс резидентіне қосалқы салық салуды жоюды қарастырады. Комитет аталмыш заң жобасын жұмысқа алып, оған қорытынды әзірлеуге дайын»,-деп хабарлады Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.




Яндекс.Метрика