Басқару

Соңғы 10 жылда өндірістік травматизм 2 есеге азайды – ДСӘДМ

Соңғы 10 жылда өндірістік травматизм 2 есеге азайды, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Еңбек күзеті мен өндірістік қауіпсіздік туралы KIOSH 2016 халықаралық конференциясында.
Нұр-Сұлтан 27 Сәуір, 10:38

«Ресми статистика бойынша, 367 мың адам қолайсыз  жағдайда жұмыс істеуде. Бұл әрбір төртінші адам зиянды және қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатыр деген ұғым. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 675 мың қызметкер зиянды  жағдайда ажұмыс істегені үшін  жәрдемақы алды. Ол Еңбек кодексінде қарастырылған. Бұл мақсаттарға жұмыс берушілерге 103,5 млрд теңге бағытталды, ол 2014 жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп», - деді Т.Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, соңғы 10 жылда екі есеге өндірістік травматизм қысқарды.

«Бұл сараптамалар нәтижесіне қарамастан, жыл сайын 2 мыңнан астам апатты жағдайлар өндірісте орын алып тұрады. Зардап шеккендердің көп бөлігі құрылыс саласында (20 пайыз), тау-кен металлургиялық кешен (18 пайыз)», - деді ведомство басшысы.

ДСӘДМ хабарлағандай, өндірістік травматизмнің жоғары көрсеткіші Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында сақталып отыр.

Анар Тәңірқұлова

 

 





Яндекс.Метрика