Парламент

ҚР Парламенті Мәжілісінде Конституциялық кеңестің жаңа құрамын мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палата депутаттардың шешімімен Конституциялық кеңестің жаңа құрамы мақұлданды.
Нұр-Сұлтан27 Сәуір , 10:34

«Парламент Мәжілісіне Ілияс Бақтыбаевтың өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы өтініші келіп түсті. Ілияс Бақтыбаев 2014-ші жылдың 5-ші наурызынан бастап Парламент Мәжілісінің қаулысымен Конституциялық кеңестің мүшесі лауазымына тағайындалған»,- деп хабарлады ҚР Мәжілісінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Дауыс беру барысында Ілияс Бақтыбаевтың Конституциялық кеңесіне мүше ретіндегі өкілеттілігін тоқтату туралы шешім бірауыздан мақұлданды.

Бұдан кейін,  Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов А. Дауылбаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Палата депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, Асхат Дауылбаевты ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулы қабылдады. 




Яндекс.Метрика