Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада KIOSH 2016 Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша халықаралық конференция және көрме өтуде (ФОТО)

Астанада KIOSH 2016 Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша халықаралық конференция және көрменің ашылуы болды. Екі күндік конференция барысында жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде экономиканың септігі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау заңнамасына сәйкес кәсіпорындарда ішкі бақылауды жүзеге асыру, жұмыскерлерді қорғау құралдарымен қамтамасыз ету, өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін кәсіптік қауіпті факторларды бақылау сынды мәселелер талқыланады.
Нұр-Сұлтан 27 Сәуір, 10:23

KIOSH 2016 адамның барлық қызмет саласын біріктіреді, бірақ осы жылы жоғарғы деңгеймен кәсіби қатер – мұнайгаз индустрия, көмір және тау-кен өнеркәсібі, химиялық, атом өнеркәсібі, энергетика мен құрылыс салаларына ерекше назар бөлінеді.

«Бүгін біз алтыншы рет халықаралық көрме мен халықаралық конференцияны ашып жатырмыз. Менің ойымша,әрбір жұмыскердің жұмыс орнының қауіпсіздігі, жаңа жұмыс орындарының қауіпсіздігі  - әрбір мемлекеттің басты тапсырмасы болып табылады. Бүгін сіздерге үкіметтің біздің серіктестермен, жұмыскерлермен және кәсіпшілер одағымен осы бағыт бойынша үлкен жұмыс атқарып жатқандығын айтып өткім келеді. Сол жұмыстың бірі, отандық тауар өндірушілермен бірге жасап келе жатқан -  көрме жұмысы және ол жерде жаңа қауіпсіздік көздерін көретін боласыздар. Біз қауіп жағдайларының әлі де бар екенін ұмытпауымыз керек, шамамен 767 адам Қазақстанда қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуде. Осыған орай жыл сайын осы сынды көрме ұйымдастырамыз, яғни біздің тау өндірушілерді жаңа бұйымдармен қамтамасыз ету үшін, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін»,-деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Көрмеде Германияның, Қазақстанның, Қытайдың, Ресей мен Украинаның 40 компаниясынан қоғамдық және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа жабдықтар мен технологиялар ұсынылды.

«Қиын экономикалық жағдайға қарамасытан, бүгін біздің көрмеге 40 компания қатысуда. 5 жыл ішінде шамамен 20-25 компания қатысты. Бүгін алтыншы көрмеде компаниялардың рекордық санын көрудеміз және олар өздерінің жаңа бұйымдарын таныстырады»,-деді ведомство басшылығы.

Айта кетейік, көрмеде осы саланың үлкен жеке қорғау құрал тізімі,өлшеу құралдары, құрылысшылар мен өнеркәсіптік альпинизм үшін қорғау құралдары, ауа тазарту жүйесі, ұжымдық қорғау құралдары және басқада жетістіктері ұсынылады.

Анар Тәңірқұлова

 





Яндекс.Метрика