Өңірлер

Қазақстанда жекешелендіру аясында 258 нысан сатылды

2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 946 объекті жоспарланған, деп хабарлады Қаржы министрлігінің бапасөз қызметі.
Казахстан27 Сәуір , 14:48

«2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде 450 объекті жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 25 сәуірдегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 428 объекті шығарылды, оның ішінде 258 объекті сатылды, оның ішінде республикалық меншік бойынша - 17, коммуналдық меншік бойынша - 123, ӘКК - 68, холдингтер бойынша – 50», - делінген хабарламада.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке  6 774 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 4 215 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 262 млн. теңге, ӘКК – 3 295 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша  барлығы 2014-2020 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 45 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде сатуға 24 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 25 сәуірдегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа іс жүзінде 24 объекті шығарылды, оның ішінде 17 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша  барлығы 2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесі бойынша  283 объекті сатылуға жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде 210 объекті жекешелендіруге жатқан. Іс жүзінде 25 сәуірдегі жағдайы бойынша 207 объекті шығарылды, соның ішінде 123 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2020 жылдарда сату кестесі бойынша сатуға 122 объекті жоспарланған.  2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде жекешелендіруге жатқан 88 объектіден іс жүзінде 86 объекті сатуға шығарылып, 68 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша  2014 - 2020 жж. арналған сату кестесі бойынша 155 объекті жекешелендіруге жатады. А.ж. 25 сәуірдегі жағдайы бойынша жоспарланған 128 объектінің 111 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.




Яндекс.Метрика