Евразиялық одақ

ЕЭК үшінші елдермен өзара саудада техникалық кедергілерді жоюға ниетті

Еуразиялық экономикалық комиссияда үшінші елдермен өзара саудада техникалық кедергілерді жою келісімі туралы халықаралық жоба қаралды.
Әлемде27 Сәуір , 09:48

Отырыс ЕЭК-ң техникалық реттеу бойынша Министрі Валерий Корешковтың төрағалығымен өтті. Оған келісімді қарау бойынша жұмыс тобының мүшелері қатысты. Мәселен, мемлекеттік құзыретті билік органдарының өкілдері, ЕАЭО елдерінің сарапшылары мен ЕЭК-ң өкілдері болды.

«Құжат жобасында үшінші елдермен сауда жасауда кедергілерді жою, олардың интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен осындай кедергілерді жою тетіктерін, соның ішінде өзара түсіністікті қамтамасыз ету қажеттіліктері белгіленді», делінген хабарламада.

Екі күндік жұмыс барысында қатысушылар Келісім жобасы бойынша ұсынысты талқылап, Комиссияның жан-жақты қарап, жұмысын аяқтауы қаралды.

Талқыланған Келісім жобасы жақын уақытта мемлекетішілік келісім процедураларынан өткізулері үшін Одақ мемлекеттеріне жіберілетін болады.




Яндекс.Метрика