EXPO-2017

Сауд Арабиясы ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми түрде қатысатынын растады

Сауд Арабиясы ресми түрде Астана қаласында 2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Әлемде27 Сәуір , 09:31

«Сауд Арабия үкіметі, «Үлкен жиырмалық» топ мүшелері «ЭКСПО-2017» Комиссары Хатшылығына қатысатындарын растайтын ресми нотаны жіберді және көрмеде павильонды дайындайтын органды анықтады - ол Абдаллы Патшалығы атындағы ядролық және жаңартылатын энергияның Ғылыми қалашығы»,-деп хабарламада айтылған.

Сауд Арабия Патшалығы 2040 жылға дейін толығымен қазба отынды пайдаланудан бас тартпақ. Ұлттық мұнай мен көмір энергияның альтернативті көзін алмастырады – күн энергиясы мен жел күші. Мақсаты – альтернативті энергия көзінен табылған  электрды экспорттауды бастау. Ол үшін алдағы 20 жылда күн энергиясы инфрақұрылымын дамытуда КСА басшылығы 109 млрд АҚШ долларын беруді қарастырды.

Осылайша, «ЭКСПО-2017» Комиссары Хатшылығының ақпараты бойынша, Сауд Арабия өзін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатынын ресми түрде растаған 83-ші ел болды. Бүгінгі күні 14 халықаралық ұйым қатысатындарын растады, 65 комиссар тағайындалды, «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы 46 келісім шартқа қол қойылды. 




Яндекс.Метрика