Өңірлер

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 264 млрд. теңгені құрады

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 264 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 2016-шы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған жиында хабарлады.
Ақтөбе27 Сәуір , 08:56

«Биылғы жылдың бірінші тоқсанында өнеркәсіп өндірісінің өнімі 263,5 млрд. теңгені құрады. Тау-кен өндірісіндегі өнім 163,2 млрд. теңге, өңдеу саласында 70,6 млрд теңгені құрады»,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Б.Сапарбаевтың айтуынша, биыл Индустрияландыру картасы аясында 350 жұмыс орынын қамтитын 8,1 млрд. теңге болатын жаңа нысандарды іске қосу жұмыстары жалғасатын болады. Солардың қатарында жеңіл тонналы «ҚазИнРусс-трейдинг» мұнай өңдеу зауыты бар. Жобаның жалпы құны 3,2 млрд. теңге.

Бұдан бөлек, қуаттылығы жылына 50 мың шаршы метр болатын үй салатын комбинат «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС іске қосылатын болады.

Индустриалды аймақта осы жылы әр қайсысының құны 2 млрд. теңге болатын 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. 




Яндекс.Метрика