Өңірлер

Шу ауданында 2 млрд. теңгеден астам қаржыны құрайтын 634 нысан заңдастырылды

Шу ауданында 2 млрд. теңгеден астам қаржыны құрайтын 634 мүлік заңдастырылды. Бұл туралы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға арналған брифингте Жамбыл облысы, Шу ауданының әкімі Дәулет Рүстем Рысбайұлы айтты.
Жамбыл27 Сәуір , 09:12

Рүстем Дәулеттің айтуынша, ауданда мүлікті заңдастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда (41 қадам). Мүлікті жария етуді жүргізу жөнінде аудан әкімдігі жанынан комиссиясына мүлікті жария ету үшін 706 арыз келіп түсті, оның ішінде жылжымайтын тұрғын үй мүлік саны 569, ал қалған 137 арыз тұрғын емес.  Келіп түскен арыздар бойынша мүліктің жалпы бағасы 2 429 014 мың теңге. Жария етілген мүлік саны – 634 оның ішінде жылжымайтын тұрғын үй мүлік саны – 510, ал қалған 124 арыз тұрғын емес, аталған мүліктің жалпы бағасы 2 274 895 мың теңге.

«Бүгінгі күнге – 60 арыз құжаттары толық болмауына байланысты қайтарылды, оның ішінде жылжымайтын тұрғын үй мүлкі бойынша – 50 арыз. Құрылыс салу барысында жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру  мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы іске асырылады. Эскиз - жобасы заңнамада белгіленген мерзімде мақұлданып, келісіледі»,- деп қорытындылады Р.Дәулет.




Яндекс.Метрика