Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Шу ауданында 83390,924 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Шу ауданында 83390,924 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға арналған аймақтағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы, Шу ауданының әкімі Дәулет Рүстем Рысбайұлы хабарлады.
Жамбыл27 Сәуір , 08:37

«35-36 қадамдарға сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беру бойынша аймақтарда ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға шығару мақсатында жергілікті атқарушы органдар тарапынан 1,3 млн. теңге қарастырылды. Жалпы, аудан бойынша жер пайдаланушыларға жалға берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі  610 475 гектарды құрайды.

Соңғы бес жылда конкурс арқылы 143 010 гектар жер беріліп (оның ішінде 10872,21 гектар суармалы егістік, 40925,3 гектар тәлімі егістік, 132097,5 гектар жайылымдық, 26,3 гектар бөгде  жер) ауыл шаруашылығы айналымына қайта енді. Сондай-ақ, аукцион арқылы 38 жер учаскесі сатылымға қойылып, нәтижесінде 8,3487 гектар жер 25 742 207 соммаға сатылып бюджетке түсті»,-деді аудан әкімі.

Жалпы, бүгінгі күні 83390,924 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 1259,4 гектар суармалы егістік, 9010,6 гектар тәлімі егістік,  73054,4 гектар жайылымдық, 24,1 гектар шабындық 42,45 гектар бөгде жерлер. Ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгені 61500 гектар жер учаскесі.




Яндекс.Метрика