Халықаралық интеграция

И.Меркель мен Литваның Әділет вице-министрі құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықтарды талқылады

Астанада Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мен Әділет вице-министрі Паулюс Грицюнас бастаған Литва Әділет министрлігінің делегациясы жұмыс кездесулерін өткізді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 19:06

Тараптар екі ведомствоның нормашығармашылық қызметі, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі мәселелерді талқылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Литва Республикасының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолдарын белгіледі.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің сарапшылары Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шарт жобасын әзірледі.

Аталған халықаралық құжат қазақстандық және литвалық азаматтарға өз отанында жазасын өтеу, сондай-ақ мәжбүрлеп емдеу мүмкіндігін беруге байланысты мәселелерді реттейді.

Келісімге қол қою жыл соңына дейін жоспарланған.

 




Яндекс.Метрика