Халықаралық интеграция

Ганноверде Қазақстанның экономика күні өтті

Ганновер қаласында Қазақстанның экономика күні өтті. Төменгі Саксонияда «Қазақстан-Германия өңірлік ынтымақтастығының шикізат, өндірістік және технологиялық, инновациялық салалардағы әлеуеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Әлемде26 Сәуір , 18:32

ҚР СІМ хабарлағандай, Қазақстанның экономика күні Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбаей Тұрғанов пен Төменгі Саксонияның экономика министрі Вальтер Хирхе, Ганновер ТПП жетекшісі Хорста Шраге, Ганновер мэрі Томас Херман, Төменгі Саксонияның іскерлік ортасының өкілдері қатысты.

Сонымен бірге, павлодарлық делегация Төменгі Саксония федералды жерінің үкіметімен келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында екі тарап сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдениет салаларындағы өңіраралық әріптестікті кеңейту және ағымдағы жылдың күзінде Төменгі Саксония өкілдерінің Павлодар облысына іссапары жөнінде келісті. Іссапар барысында екі елдің өңірлері арасында әріптестік келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Негізгі назар Қазақстан-Германия ынтымақтастығының шикізат, өндіріс және технологиялық саладағы ынтымақтастығы талқыланды. Сондай-ақ, ЭКсПО-2017 көрмесіне қатысу да назардан тыс қалмады.

 




Яндекс.Метрика