Болашақтың біртұтас ұлты

Н.Назарбаев: ҚХА Тәуелсіздіктің ұлы құндылықтарының бірі

Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздіктің ұлы құндылықтарының бірі болып табылады, деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен ҚХА-ның XXIV сессиясы барысында айтты.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 17:56

Шараға 1500 адам қатысты. Оның ішінде ҚХА мүшелері мен ардагерлері, републикалық және өңірік этномәдени ұйымдардың мүшелері, Парламент депутаттары, орталық және атқарушы органдардың жетекшілері, саяси партиялар, ҮЕҰ, діни ұйымдар, ЖОО ректорлары, шетелдік елдердің дипломатиялық миссиялары, ғылым өкілдері бар, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Президент Ұлт жопарының алғашқы іске асырылған қорытындысын айтып өтті.

«Ұлт жоспарының бірінші кезеңінің қорытындысы біздің дұрыс жолда тұрғандығымызды көрсетеді. Бірнеше айда 59 заңнамалар жасалды. Олар өз күшіне енді. 400 нормативті-құқықтық актілер бекітілді. Тағы біз тәуелсіз өзгерісті бағалауды әкелемін. Дүиежүзілік банк, әлем мемлекеттерінің жетекші мониторинг реформасы. 2015 жылы Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда біршама реформалар өткізді деп есептейді. Олардың әдістемелеріне сәйкес, 7 бағыт бойынша 19 реформа. Басқа сөзбен айтқанда, Ұлт жоспары аясында іс жүзінде біз 5 емес, 20-дан астам өзгерістерді жүзеге асырамыз»,-деді Н.Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі күні мемлекеттік қызмет корпусында 45-тен астам өкілдер бар екендігін атап өтті.

«Біз әрдайым мемлекеттік аппаратта этникалық түрлілік болу үшін жұмыс жасаймыз»,-деді ол.

Мемлекет басшысы тіл заңнамасының толық сақталуын қамтамасыз етуді маңызды аспекті деп атады.

«Бұрындары мен өтініш берушілердің мемлекеттік органдардан өтініш берген тілінде ақпаратты алуда ескертулерін айтып өттім. Менің тапсырмам бойынша Бас прокуратура барлық орталық және жергілікті органдарға тексеріс жүргізді. «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңнама қызмет еткен  үш ай ішінде 79 рет құқық бұзған. Сонымен қатар 29 құқық бұзушылық – түрлі деңгейдегі әкімдіктерде және 50- министрлік пен ведомство аумақтарында. Бұл мәселені барлық мемлекеттік орган басшыларына жеке бақылауда ұстау керек»,-деді Елбасы.

Қазақстан Президенті астана әкімдігіне, Алматы мен облыс әкімдіктеріне «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуіне орай, көзбе-көз ақпараттарды үш тілде – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде болуын тапсырды.

«Азаматтардың теңдігі мәселелерін және тұрақты эника аралық қарым-қатынасты сақтау туралы мәселе болмайды және болмауы тиіс. Бұл қолайсыз үгіттік, керісінше күнделікті қажырлы жұмысты қажет»,-деді Мемлекет басшысы.

 Нұрсұлтан Назарбаев әлемде болып жатқан жаһандық дағдарысқа қарамастан, индустрияландыру және экономикалық өсу бизнестің дамуына  кең жол ашатындығы мәлім етті.

«Бұл туралы Жаһандық бизнес мониторингі айтады және ол 60-тан астам перспективалы елде жүріп жатыр. Ол жерде Қазақстан 29-шы орынды иеленді. Жұмыс орындарын құруда – 6 орында. Жалпы, еліміздің еңбек нарығының тиімділігі рейтингісінде 140 елдің ішінде біз  18 орында тұрмыз»,-деді Президент.

Мемлекет басшысы Бес институционалды реформаның тағы бір бағыты - мемлекеттік есеп және ашық үкіметті қалыптастыру екендігін айтты.

«Олардың көзінше қоғамдық кеңес құрылып, жұмысын бастады. Ол жерде ҮЕҰ-мен бірге, ҚХА-ның өкілдері де қатысуда. Азаматтық  бұл ысырапшыл және ұқыпсыз шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа жол беруіне ең сенімді тосқауыл»,-деді Н.Назарбаев.

«Біз қазақстандықтар үшін мемлекеттік органдардың қабылдаған және орындаған шешімдерін талқылау мүмкіндігін кеңейтеміз. Олардың жанында қоғамдық кеңес құрылып, жұмыс істеп жатыр. Бұған Қазақстан халқы Ассамблеясының да өкілдері белсенді атсалысуда. Азаматтық бақылау – бұл ысырапшыл және ұқыпсыз шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа жол беруіне ең сенімді тосқауыл. Біз бұл жолдан бұрылып кетпейміз, бұл азаматтық қоғам үшін шынайылықтың айнасы. Олардың қатысуымен атқарылатын жұмыста қоғамдық кеңестер азаматтар алдында үлкен жауапкершілікке ие болулары шарт»,-деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев жер мәселесіне байланысты түрлі сұрақтардың туындап жатқанына да көңіл бөлді.  

«Соңғы уақытта шетелдіктерге Қазақстанның жері сатылмақ деген жалған ақпараттардың үздіксіз жариялануынан жер мәселесіне қатты назар аударылып отыр. Бірнеше мәрте түсіндірілді, мен де бұл шындыққа сәйкес келмейтіндігін айттым. Тағы да бір мәрте айтқым келеді, ауыл шарушылығы жерлерін шетелдік азаматтар мен компанияларға сату туралы мәселе тұрған жоқ және талқыланбайды да. Бұл тақырыптағы алыпқашпа сөздер негізсіз. Арандатушылар әшкереленіп, ел заңына сәйкес жазалануы тиіс», - деді Н.Назарбаев. 

ҚР Президентінің атап өтуінше, елімізде ауыл шаруашылығы жерлері жалға 10 жылға беріліп келген. Алайда, бұл аралықта аграрийлер салған қаржысын қайтарып ала алмайды. Сондықтан, жалға беру мерзімін 25 жылға дейін ұзарту шешімі қабылданған. Жалпы, мұндай тәжірибе барлық елдерде бар. Мәселен, Ресей 49 жылға, Біріккен Араб Әмірліктері 99 жылға, Еуропа елдері 25, 49, 99 жылға жерді жалға береді. 

«Алаңға шығып шу шығарып жүргендер трактордан не болмаса аттан түсіп жетіп келгендер емес. Олардың ауыл шаруашылығы жайында түсінігі де жоқ, бұл жерлердің қайда екендігін де білмейді», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан халқының Ассамблеясы өзіне жаңа қызмет бағытын алғандығын атап өтті.

«ҚХА қайырымдылық қызметі туралы жаңа заң қоғамдастық меценаттардың бас үйлестірушісі рөлі бекітілген. Тарихымызда алғаш рет меценаторлар мен донор бойынша қайырымдылық ұйымының Республикалық съезі болып өтті. «Үлкен ел- Үлкен отбасы»жобасы аясында және Ассамблея жылы аясында 400 мыңнан астам қазақстандықтарға көмек көрсетілді. 7800 балалар үйінде тәрбие алып жатқан баларға және жетім балаларға 5 млрд теңге көлемінде оқу шоттары ашылды»,-деді Н.Назарбаев.

Президент бүкіл әлем бойынша 1993 қоғамдық келісім кеңесі мен 820аналар кеңесіннің құрылғандығын атап өтті.

Ассамблеяның тағы бір бағыты - медиаторлардың желісін дамыту.

«2011 жылға дейін, медицина туралы заң қабылданған кезде оған қалай кірісетіндерін ешкім білмеді. Ассамблея бастамасын бастады және ол сұрақ ақырындап қозғала бастады»,-деді Мемлекет басшысы.

Қорытындылай келе, Нұрсұлтан Назарбаев барлығын Халықтың бірлік күнімен құттықтап, бақыт пен табыс тіледі.

Сессия барысында қазақстандық ғарышкерлер, шетелдік қонақтар, аймақтағы делегаттар, спортшылар, жұмыс мамандарының өкілдері, бюджеттік және жастар ұйымы, азаматтық қоғам қатысты.

Ассамблеяның XXIV сессиясы барысында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актісі жарияланды.

 




Яндекс.Метрика