Ұлт жоспары 100 нақты қадам

41 қадам: Қазақстанда декларацияны тапсыру жолымен 489,9 млрд теңге сомасында ақша жария етілді

Ағымдағы күнге барлығы 1 355,7 млрд млрд. тенге сомасында 85 190 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 1 127,6 млрд. тенге, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Казахстан26 Сәуір , 18:14

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  853,0 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін  84 374 өтініш (декларациялар) түсті.

Сомасы 635,1 млрд. теңгеге 70 225 тұрғын үй объекті; сомасы 205,8 млрд. теңгеге 36 749 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 8 683 млрд.теңгеге 138,4 коммерциялық объект;сомасы 6,5 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 34 қатысу үлесі;  сомасы 5,5 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

80 106 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 635,9 млрд. теңгеге жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы  1 809,1 млн тенге құрайтын 56 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті.

Сомасы 1 756,0 млн. теңгеге 55 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 21.04.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 541,6 млрд.теңге ақшаны жария етуге  804 жинақ шот ашылды, (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені 523,0 млрд.теңге) соның ішінде:   оның ішінде  заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге  2015 жылы - 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы;420,1 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына 581  декларация ұсыну және шот ашу арқылы.40,7 млрд.теңге әлі декларацияланбады.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 981,3 млн. теңге көлемінде 8 декларация түсті.
 
489,9 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді, соның ішінде: 2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд. теңге; 557 декларация бойынша 409,0 млрд.теңге.

22.04.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,4 млрд.теңге түсті.




Яндекс.Метрика