Білім беру

Құқық қорғау органдарының академиясы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты орнату жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлады Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 17:39

Академия ректоры Ұлан Байжанов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін талқылады.

Кездесулердің нәтижесінде құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері бойынша білім беру іс-шаралары мен ғылыми зерттеулерді  бірлесіп жүргізуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

 




Яндекс.Метрика