Болашақтың біртұтас ұлты

Азаматтық бақылау – бұл сыбайлас жемқорлыққа ең сенімді тосқауыл

Азаматтық бақылау – бұл ысырапшыл және ұқыпсыз шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа жол беруіне ең сенімді тосқауыл, деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 14:45

 «Біз қазақстандықтар үшін мемлекеттік органдардың қабылдаған және орындаған шешімдерін талқылау мүмкіндігін кеңейтеміз. Олардың жанында қоғамдық кеңес құрылып, жұмыс істеп жатыр. Бұған Қазақстан халқы Ассамблеясының да өкілдері белсенді атсалысуда. Азаматтық бақылау – бұл ысырапшыл және ұқыпсыз шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа жол беруіне ең сенімді тосқауыл. Біз бұл жолдан бұрылып кетпейміз, бұл азаматтық қоғам үшін шынайылықтың айнасы. Олардың қатысуымен атқарылатын жұмыста қоғамдық кеңестер азаматтар алдында үлкен жауапкершілікке ие болулары шарт»,-деді Елбасы.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев жақында жергілікті өзін-өзі басқару органдарында өз бюджеттерін өздері бөлетіндей және жаңа қызметтер жүктелетін реформаны жүргізу жұмыстары тұрғанын атап өтті. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы әкімдермен өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керектігін де тілге тиек етті.  

 




Яндекс.Метрика