Өңірлер

ШҚО-ның Глубокое ауданында қайырымдылық орталығын ашу жоспарлануда

Глубокое ауданында мұқтаж жандар мен аз қамтылған отбасыларға және зейнеткерлерге арналған қайырымдылық орталығы ашылады. ШҚО ақпарат орталығының хабарлауынша, ол халықты әлеуметтік қорғау қызметін ұсынатын болады.
Шығыс Қазақстан26 Сәуір , 16:24

Орталық жанында атаулы көмек дүкені, ақпараттық-кеңестік және танымдық бөлімі жұмыс істейтін болады. Әрбір көмекке мұқтаж осында келіп, кеңес пен қолдауға ие бола алады.

Глубокое ауданының әкімі Қалиқан Байғонысовтың айтуынша, ғимаратты әкім берген. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Орталықты осы жылдың мамыр айының соңына дейін ашу жоспарланып отыр.

Атап өту керек, Орталықтың ашылуына Глубокое ауданының қоғамдық кеңесі мұрындық болған.

«Біздің басты міндет – мемлекеттік бағдарламалардың орындалу жағдайын білу және ол бағдарламалардың халық өміріне әсері, әлеуметтік саланың дамуы, глубокоелықтардың өмір сапасын арттыру»,-дейді аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Вячеслав Цой.




Яндекс.Метрика