Инвестициялар

БЖК: ОҚО-да 21,4 млрд теңгенің 45 инвестжобасы қолданды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2016 жылы жалпы жеке инвестиция құны 21,4 млрд.теңгені құрайтын 45 жобаға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан26 Сәуір , 15:46

Қолдау көрсетілген жобалар ішінде кілем бұйымдары мен синтетикалық жіп өндіретін «Бал Текстиль» ЖШС зауыты да бар. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 8 млн. м2 дейін кілем бұйымдары мен 4 мың тоннаға дейін синтетикалық жіп өндірісі.

Одан басқа, жаңғыртылатын энергия көздерін және «жасыл» экономиканы дамыту мақсатында, жобалық қуаттылығы 3,5 МВт/сағатты құрайтын «Ақсу-Қуат» ЖШС-ның шағын су электр станция құрылысына мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген.

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау тапқан жобалардың ішінде жобалық қуаттылығы жылына 17520 тонна дайын құрғақ, майсыздандырылған сүт және сары май өнімдерін өндіретін «АСЫЛ-бастау.KZ» ЖШС зауыты. Айта кетерлігі, майсыздандырылған сүт өндірісі бұрын Қазақстанда болмаған.

ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсиядиялау және ішінара кепілдендіру, ісін бастауға мемлекеттік гранттар беру және жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қолдау құралдарын қамтиды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика