Болашақтың біртұтас ұлты

Г.Головкин: Бейбітшілік пен келісім әрқашан біздің басты құндылығымыз болсын

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA, IBF, IBO бойынша әлем чемпионы, уақытша WBC Геннадий Головкин 23 сәуір күні Лос-Аджелестегі Доминик Уэйдпен өткен шайқасында кезекті жеңісіне жетті және өз жеңісін ҚР Президенті мен халқына арнады. Спортшының үндеуін төраға орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Ералы Түгжанов Астанада өтіп жатқан ҚХА-ның XXIV сессиясы барысында оқыды.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 13:19

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сізді «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассасмблеясының  XXIV сессиясының ашылуымен құттықтаймын. Мен «Нұр Отан» партиясының XXVI съездінде маған берілген тапсырманың орындалғандығын жеткізіп жатқаныма қуаныштымын. Өз жеңісімді Нұсұлтан Әбішұлы сізге, халқыма арнаймын. Бейбітшілік пен келісім әрқашан біздің құндылығымыз болсын. Сізге мықты денсаулық пен амандық тілеймін»,-деді Г.Головкин.

Естерінізге сала кетейік, ҚХА-ның XXIV сессия жұмысына 1500 адам қатысып жатыр. Оның ішінде ҚХА мүшелері мен ардагерлері, републикалық және өңірік этномәдени ұйымдардың мүшелері, Парламент депутаттары, орталық және атқарушы органдардың жетекшілері, саяси партиялар, ҮЕҰ, діни ұйымдар, ЖОО ректорлары, шетелдік елдердің дипломатиялық миссиялары, ғылым өкілдері бар.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика