Болашақтың біртұтас ұлты

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі қабылданды

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі - Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған буынның кейінгі ұрпаққа аманаты. Әр адамның жүрегінен орын алатын құбылыс. Ондағы құндылықтарды мәңгі қастерлеп, дамыта білсек - «Мәңгілік Ел» болу деген сол, деді Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 13:14

«Патриоттық акт - Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған буынның кейінгі ұрпаққа аманаты. Әр адамның жүрегінен орын алатын нәрсе. Ондағы құндылықтарды мәңгі қастерлеп, дамыта білсек - «Мәңгілік Ел» болу деген осы. Әрбір қазақстандықтың санасына осыны сіңдіру - біздің парызымыз. «Мәңгілік Елдің» мызғымас құндылықтарын бірлікті бәрінен биік қоятын біртұтас ел ғана жүзеге асыра алады. Біз осындай болашағы біртұтас елді жасайық деп отырмыз», - деді Елбасы. 

«Мәңгілік ел» патриоттық акті бұл жалпыұлттық идеяның құжат жүзіндегі формасы, бұл халық бірлігінің әмбебап әрі толыққанды генетикалық бағдарламасы. Біздің мәдени-рухани құндылықтарымыз, экономика, саясат, мораль мен сенім мәселелері, жаһандық әлемде Қазақстанды қай жерден көретініміз бәрі-бәрі осы құжатта көрініс табуы шарт. Аталған акт екі жыл бойы даярланды. Осы уақыттың ішінде құжаттың жобасы кеңінен талқыланды», - деді Н.Назарбаев.

«Патриоттық актіні қабылдай отырып, біз негізгі жалпыұлттық құндылықтарымызды бекітеміз.Ол бір. Екіншіден, Қазақстанның дамуына қатысты мемлекеттің, қоғамның және барлық азаматтардың өзара жауапкершілігін шегелейміз. Патриоттық акті компас іспетті болмақ. Оған қарап, біз бағытымызды бағдарлап, жаңа белестерді бағындыру жолының дұрыстығын бақылап отырамыз», - деп атап көрсетті Президент.

Осы орайда Елбасы «Мәңгілік ел» патриоттық актін барша қазақстандықтарға жеткізіп, оның әрбір салаға, ұжымға жүйе ретінде енгізуді тапсырды.

XXIV сессия жұмысына 1500 адам қатысып жатыр. Оның ішінде ҚХА мүшелері мен ардагерлері, републикалық және өңірік этномәдени ұйымдардың мүшелері, Парламент депутаттары, орталық және атқарушы органдардың жетекшілері, саяси партиялар, ҮЕҰ, діни ұйымдар, ЖОО ректорлары, шетелдік елдердің дипломатиялық миссиялары, ғылым өкілдері бар.

Естерінізге сала кетейік, 1995 жылдың 1 наурызында ҚР Президентімен жаңа институт - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл тарихи күн егеменді Қазақстанды құрудың жаңа нүктесіне айналды, сонымен қатар қазіргі заманғы мемлекеттік құрылғыларды құру, әлеуметтік-экономикалық түрлендіруді жүзеге асыруға, бейбітшілік идеясын жүзеге асыруға, Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісіміне септігін тигізеді.2007 жылы Ассамблея конституциялық орган мәртебесіне ие болды және конституциялық кепілдік берілген парламенттік өкілдікті алды – ҚР Мәжіліс Парламентіне 9 депутатты сайлау құқығы.

Индира Кауметова 




Яндекс.Метрика