Болашақтың біртұтас ұлты

Айдын Айымбетов Елбасына ғарышта болып келген ҚХА-ның туын табыстады

Астанада өтіп жатқан ҚХА-ның XXIV сессиясы барысында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ғарышта болып келген Қазақстан халқы Ассамблеясының туын табыстады.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 12:39

«Ғарышта бәрі бір-бірімен тепе-тең, барлығы бір-біріне көмектеседі, сенеді. Халықаралық ғарыш станциясының бортында адамдар арасында сіздің бейбітшілік пен келісім  принциіпі жатыр. Барлық әлемнің 9 ғарышкерлері бір отыбасыдай жұмыс істеді. Ғарышқа Ассамблеяның туы жәй ұшқан жоқ. Бұл – біздің бейбітшілік пен келісім моделі ғарышқа ұшты деп білемін.  Осындай биіктікке «Мәңгілік ел» патриоттық актын да көтереміз. Мен, Нұрсұлтан Әбішұлы сіздің осы миссияңызға, сіздің сенімінізге алғысымды айтамын. Қазақстанда үш ғарышкер бар – біз әлем бойынша тоғызыншы орындамыз»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, ҚХА-ның XXIV сессия жұмысына 1500 адам қатысып жатыр. Оның ішінде ҚХА мүшелері мен ардагерлері, републикалық және өңірік этномәдени ұйымдардың мүшелері, Парламент депутаттары, орталық және атқарушы органдардың жетекшілері, саяси партиялар, ҮЕҰ, діни ұйымдар, ЖОО ректорлары, шетелдік елдердің дипломатиялық миссиялары, ғылым өкілдері бар.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика