Болашақтың біртұтас ұлты

Мемлекеттік қызметшілер корпусында Қазақстанның 45 этносы бар

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілер корпусында Қазақстанның 45 этносы бар, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ҚХА XXIV сессиясында.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 12:29

«Біз Ұлт жоспарының әр қадамын бақылап отырмыз. Мен естеріңізге қайта салып жатырмын, Барлық бес реформа бірыңғай ұлттық болашағын қалыптастырады. Біріншіден, кәсіби мемаппарат, ол ашықтық пен меритократия саласында жұмыс істейді. Бүгінде мемлекеттік қызмет корпусында 45 этнос бар, оның ішінде 3100 орыс, 580 украин, 264 татар, 224 неміс, 190 өбек, 83 белорусь  ұлты бар. Мемлекеттік қызметкерлер  ішінде корей, поляк, әзірбайжан, шешен, ингуш, еврей, армян, қырғыз, тәжік пен өзге ұлт өкілдері бар. Бұл Үкімет бақылап отыратын жоғары көрсеткіш», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы атап өткендей,  республиканың заңнамасы кез келген ұлқа мемлекеттік қызметке кіруге мүмкіндік берген.

«Ал егер кейбіреуі қандай да бір ұлттың мемлекеттік қызметтегі аздығын байқаса ол адамға байланысты, қалаған адамның барлығы қызметке орналас ады. Маған «шенеунік» деген сөз ұнамайды. Шенеунік – патшалық сөз, шеннен шыққан. Бізде мемлекеттік қызметкер бар. Олар халыққа реформаны ұсынып, қамтып отыр. Полиция мен мемлекеттік қызметкерлерге халық қажет кезде жүгінеді. Сондықтан да біз мемлекеттік қызметті адал қылуымыз керек, адамдар оған орналасуға ұмтылулары керек. Сондықтан да біз мемлекеттік аппаратта этникалық әртүрлілік болуы бойынша жұмыс істейміз. Бірыңғай ұлттың болашағы – заңның әділдігі», - деді Елбасы.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика