Болашақтың біртұтас ұлты

Мемлекет басшысы ҚР БҒМ-ды мектепте білім беру саласы бойынша реформалау кезінде ата-аналармен кеңесуге шақырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан ҚХА-ның XXIV сессиясында ҚР Білім және ғылым министрлігін мектепте білім беру саласы бойынша реформалау жүргізген кезде ата-аналармен кеңесуге шақырды.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 12:13

«Мектепте білім беру саласы үлкен талқылауға түсті, оған үш тілділікке көшу мен бескүндік те кірді. Адамдарға бұның артында не тұрғанын кім түсіндірді? Білім министрлігі, мектептегі мұғалімдер, басынан бастап осы мұғалімдермен мәселені талқылап алу керек. Мен, мысалы, біздің балаларымызға жүктеме тым артық деп санаймын. 5 күндік білім беруді қысқарту есебінен жасау қажет.  Мысалы маған, «Қазақ тілі мен әдебиетті» , әдебиет пен орыс тілінің грамматикасын, тарих пен географияны біріктіруге болатындарын айтты. Біз балаларға өте көп тапсырма береміз»,-деді Н.Назарбаев.  

ҚР Президенті барлық аймақтар мен ауылдарда міндетті түрде ақпараттық жұмысты жүргізу керектігін және халыққа реформаның мәнің түсіндіру керектігін айтып өтті.

«Яғни, оны біз зерттеуіміз керек, халықпен бірге талқылау керек. Осындай өзгерістер білімнің сапасын жақсартуға қажет. Егер біз балаларымыз бен еліміздің болашағын ойласақ, барлықтарымыз талқылап, қарастырымыз керек. Мектептің мәселесі барлық отбасыға қатысты. Сол себепті барлық позициялар тыңдалу керек»,-деді Мемлекет басшысы.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика