Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Қазақстандықтарда ядролық қауіпсіздік туралы ашық айту құқығы бар – Мәжіліс депутаты (ВИДЕО)

Қазақстандықтарда ядролық қауіпсіздік туралы ашық айту құқығы бар, деді Мәжіліс депутаты Ирина Аронова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 26 Сәуір, 14:32

«Біз алғаш болып Семей полигонын жаптық, ол өңірде өмір сүрген адамдарға қаншалықты қиын екенін білеміз. Қазақстандықтар бұл туралы ашық айта алады. Біз бұл құжатты әрбір адамға жеткізу бойынша жұмыс жасауымыз керек», - деді И.Аронова.

Айта кетейік, бүгінде әлемде маңызды құжаттардың бірі болып Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифесі болып табылады.

Аталмыш құжатта Елбасы  былай жазады ««Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесім ХХІ ғасырда өмір сүретін және жұмыс істейтін өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отыр. Біздер, мемлекет басшылары мен саясаткерлер, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілік арқалап отырмыз. Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясаткер ретінде, Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайрылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ».

Ботагөз Айтжанова

Видео: Азамата Әлиев





Яндекс.Метрика