Болашақтың біртұтас ұлты

Қазақстан 25 жылда 21-ші ғасырдағы бәсекеге қабілетті елге айналды – ҚР Президенті

Өткен 25 жыл ішінде біз Қазақстанды бұрынғы Кеңестік империяның шикізаттық аграриясынан ХХІ ғасырдағы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қостық, деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 12:01

«Өткен 25 жыл ішінде біз Қазақстанды бұрынғы Кеңестік империяның шикізаттық аграриясынан ХХІ ғасырдағы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қостық.  Аға буын өкілдерінің есінде, біз бұрынғы Кеңес Одағы құрамында өмірдің жиынтық  деңгейі бойынша ең соңғы орынның бірінде тұрған едік. Бір ғана көрсеткішті атап өткім келеді: 1990 жылы халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 600 долларға әрең жететін еді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 13 000 долларға жетіп, 20 есеге артты. Ал жаһандық өркендеу индексі бойынша 142 мемлекет арасында Қазақстан 2015 жылы 56-орын алды», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл - ТМД елдерінің арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

«БҰҰ Адами даму көрсеткіші бойынша Қазақстан тек өткен бір ғана жылдың ішінде өзінің көрсеткішін бірден 14 позицияға жақсартып, 190 елдің арасында 56-орынға шықты. БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, Ұйымға мүшелік еткен 24 жылдың ішінде басында жан-жақтан көмек алған Қазақстан енді сол елдерге өзі көмек беретін деңгейге жетіп отыр. Бұл - халықаралық қауымдастық тарапынан берілген жоғары баға. Осындай қысқа кезең ішінде осындай жеңгейге жеткен мемлекеттер саусақпен санарлық», - деді Н. Назарбаев.




Яндекс.Метрика