ҚР ИИДМБ

Индустриаландырудың 5 жылында 900 жаңа кәсіпорын ашылды

Индустриаландырудың 5 жылында 900 жаңа кәсіпорын ашылды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атанадағы ҚХА-ның XXIV сессиясында.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 11:54

«Қолайлы жылдары біз индустрияны құрдық, шикізаттық түсімді алмастыру үшін бұл шара жүзеге асырылды. Инновациялар мен индустрия мемлекетте ақша болған кезде енгізіледі. Біз  бұл жұмысты бастау үшін қор жинадық. Біз уақытында бастап отырмыз», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының мәліметінше, бес жыл ішінде 900 жаңа кәсіпорын салынды.

«Осы жылы мыңдаған кәсіпорын ашылады, 500 жаңа өнім шығаратын орындар, біз бұрын соңды Қазақстанда шығрылмаған өнімдерді өндіре бастадық.Экономиканың бұл бөлігі өсуде. Алайда, өндірістік көлемі азайған емес. Сондықтан да барлық жағдайда келісім мен бейбітшіліктің құны жоғары, біз кез келген қиындықты жеңе аламыз», - деді Елбасы.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика