Болашақтың біртұтас ұлты

Н. Назарбаев: Қазақстан бірнеше көрсеткіш бойынша ЭЫДҰ-ның бірқатар елінен асуы керек

Қазақстан көрсеткіш бойынша ЭЫДҰ бірқатар елін еңсеруі керек, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚХА-ның XXIV сессиясы барысында.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 11:38

«Осыдан бір жыл бұрын президенттік сайлаудың қорытындысы бойынша 5 институционалдық реформа қабылданды. Бұл біздің жаһандық сынақтарға жасаған жауап еді. Бір жыл ішінде тәуелсіздік жылдары бойынша ауқымды реформалар жасалды.  Енді Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жүзеге асырылуда. Біздің мақсатымыз Экономикалық ынтымақтастықтың даму ұйымының тәжірибесін қолдану ғана емес, уақыт өте келе оларды көрсеткіш бойынша басып озу», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, XXIV сессия жұмысына 1500 адам қатысып жатыр. Оның ішінде ҚХА мүшелері мен ардагерлері, републикалық және өңірік этномәдени ұйымдардың мүшелері, Парламент депутаттары, орталық және атқарушы органдардың жетекшілері, саяси партиялар, ҮЕҰ, діни ұйымдар, ЖОО ректорлары, шетелдік елдердің дипломатиялық миссиялары, ғылым өкілдері бар.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика