Ұлтаралық бірлік

ҚР Президенті: Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл ел тәуелсіздігінің жемісі

Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл біздің республика тәуелсіздігінің жемісі, деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында.
Нұр-Сұлтан 26 Сәуір, 11:32

«КСРО құлаған кезде оның құрамында болған бірқатар республикаларда ұлтаралық кикілжіңдер мен қақтығыстар орын алып, қан төгілді. Олардың кейбірінде әлі де бұндай келеңсіздіктер толастамай тұр. Халықтың өмірін ойрандап, әлемнің бірқатар мемлекеттерінде даму песпективалары қалай болатыны да белгісіз күйде қалды. Қауіп үлкен болды,  бірақ, оның бәрі Қазақстаннан айналып өтті»,-деді Елбасы.

Ұлт көшбасшысы бұл ешқандай да кездейсоқтық емес, бұл біздің жас мемлекеттің мақсатты әрекетінің жемісі, деп атап өтті.

«Біз достықты сақтадық. Біз бір шаңырақтың астында тұратын  барлық этностардың бірлігі мен келісімін сақтау мақсатында дұрыс жолды таңдадық. Қазақстан халқы Ассамблеясы –  бұл ел тәуелсіздігінің жемісі», -деді ҚР Президенті. 





Яндекс.Метрика