Болашақтың біртұтас ұлты

Н. Назарбаев: ҚХА-ның XXIV сессиясы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпыұлттық іс-шараға бастама береді

ҚХА-ның XXIV сессиясы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпыұлттық іс-шараға бастама береді, деп Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассасмблеясының XXIV сессиясында айтты.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 11:18

«Құрметті отандастар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері. Біздің сессия Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдыға арналған жалпыұлттық іс-шараға бастама береді»,-еді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті айтып өткендей, халық Ассамблеясы - біздің тәуелсіздіктің ұлы құндылықтардың бірі болып табылады.

«Мен қоғамдық институтты 1990 жылы желтоқсан айында бекітуді  ұсындым. Қазір көбісі оның қандай қиын кезең екендігін біле бермейді, ал сол кездеге 25 жастағылар – ересек адамдар, ересек азаматтар болды. Олар біздің бастап өткергендерімізді көрді»,-деді Елбасы.

Естерінізге сала кетейік, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы басталды.

ҚХА-ның XXIV сессия жұмысына 1500 адам қатысып жатыр. Оның ішінде ҚХА мүшелері мен ардагерлері, републикалық және өңірік этномәдени ұйымдардың мүшелері, Парламент депутаттары, орталық және атқарушы органдардың жетекшілері, саяси партиялар, ҮЕҰ, діни ұйымдар, ЖОО ректорлары, шетелдік елдердің дипломатиялық миссиялары, ғылым өкілдері бар.

Индира Қауметова

 




Яндекс.Метрика