Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Л.Ни: Н.Назарбаевтың манифесі ядросыз әлем үшін жаһандық бағдарлама болып табылады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтығ "Әлем. ХХІ ғасыр" атты манифесті бағдарламадағы ядросыз әлемнің толық 5-ші қадамы болып табылады. Бұл туралы ҚХА-ның төраға орынбасары, Республикалық корей музыкалық-комедия театрының директоры Любовь Ни Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 11:14

«Біз Елбасының "Әлем. ХХІ ғасыр" атты манифестін шығарғанына мақтануымыз керек. Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Н.Назарбаев мемлекет басшыларына бүтіндей 5-қадамдық бағдарламаны ұсынды, бағдарламада олардың бірлесіп жасайтын жұмыстары нақты көрсетілді. Қазақстан Семей ядролық полигонын жауып, жаппай қырып-жою қаруынан бас тартқан әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі және барлық әлемге дұшпандық әрекеттін жоқтығын көрсетіп, ынтымақтастық пен диалогқа дайын екендіктерін дәлелдеді»,-деді Л.Ни.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары айтып өткендей, Президент өз манифестінде қазіргі күнгі соғыста жеңіске жеткендердің болмайтындығын атап өтті. Тек бейбітшілік пен қауіпсіздікті  барлық мемлекеттер арасында сақтау үшін бейбіт диалог пен келіссөздер септігін тигізетіндігін атап өткендігін айтты.  

Оның айтуы бойынша, манифестің оңтайлы жағының бірі  және өзекті міндеті ретінде БҰҰ қамқорлығымен мемлекеттің тұрақтылық пен қауіпсіздігін сақтауда Жаһандық коалиция құру.

«Біздің балаларымыздың болашағы үшін барлық елдің күшін біріктіруіміз керек, яғни түпкілікті әлемді ядролы соғыс қаупінен құтқару үшін. Елбасының манифесті Бас Ассамблея мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің  ресми құжат мәртебесіне ие болды. Менің ойымша, 25 жылдан астам уақытта Семей полигоны жабылған өзіміздің қасиетті қазақ жерінде әлемдік державалардың саммитін өткізу туралы айтылған Президенттің үндеуін қолдауымыз тиіспіз»,-деді Л.Ни.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика