Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстан әлемнің көптеген елдері үшін бірлік пен келісім үлгісі болды - ҚХА

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан бері қарайғы жылдарда дамудың ұзақ жолынан өтті. Қазақстан әлемнің көптеген елдері үшін бірлік пен келісім үлгісі болды, деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Любовь Ни Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 09:56

«Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан бері қарайғы жылдарда дамудың ұзақ жолынан өтті. Осы уақыт аралығында зияткерлік әлеуеті артып, халықтық дипломатия институты дәрежесіне дейін көтерілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жылдық мерейтойы кезеңінде қазақстандық біртектілікті нығайту мен жаңа қазақстандық патриотизмді ұлықтау мақсатында бірқатар жалпыұлттық жобаларды сәтті жүзеге асырды. Бұл жобалардың қатарында 35 мың адамға көмек көрсетуге ықпалы болған «ҚХА – 20 қайырымды іс» республикалық әлеуметтік акциясы бар. Бұл дәстүрді 2016-шы жылы «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғастырып алып кетті. Сонымен қатар, 50 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсеткен «Менің Қазақстаным» пойызы» акциясы, онкологиялық дертке шалдыққан балаларды қолдауға арналған «Асар» республикалық акциясы, лейкоз және басқа да ауруларға шалдыққан балаларға көмек көрсетілді»,-деді Л.Ни, XXIV Ассамблея сессиясы мен 1-ші мамыр  Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Ұлы дала елі» тарихи-мәдени экспедиция ұйымдастырылды. Онда Қазақстан территориясының 20 мың шақырым жерін жүріп өтіп, 50 мың адамның қатысуымен 350-дей іс-шара өткен.

Олардың қатарында 100-ден астам беделді ғалымдар, тарихшы-қоғамтанушылар болды. Бұл керемет экспедицияның қорытындысы ретінде  Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама кеңесінің ұсынуымен «Ұлы дала тарихы» атты кітап шығарылды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық ұйымдары мен донорлардың съезін өткізді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде ҚХА елдегі барлық қайырымдылық шаралардың ұйытқысы болды деуге болады. Сонымен қатар, Ассамблея медиация орталығы сәтті қызмет атқаруда. Ол ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ң базасында ашылған болатын. Онда аймақтық Достық үйлері базасында медиаторлар мектебін құруға баса назар аударады. Яғни, ҚХА-ы азаматтардың кикілжіңдерін алысқа жеткізбей шешуге септігін тигізеді.  Ғылыми-сараптама аясында ҚХА-ы аймақтарда 925 іс-шара өткізді»,-деп атап өтті Л.Ни.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика