Ұлтаралық бірлік

Астанада Н.Назарбаевтың төрағалығымен ҚХА-ның XXIV сессиясы өтеді

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассасмблеясының XXIV сессиясы өтеді.
Нұр-Сұлтан26 Сәуір , 09:41

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізіліп жатқан XXIV сессияның жұмысында 1 500 адам қатысады. Олардың ішінде барлық аймақтан келген Ассамблеяның мүшелері мен ардагерлері, республикалық және аймақтық  этномәдени ұйымдардың мүшелері, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың басшылары,  саяси партиялар, аймақтық бірлестіктер, ҰЕҮ, діни ұйымдар, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметкерлері, ғылыми, шығармашылық пен БАҚ өкілдері бар.

Естерінізге сала кетейік, 1995 жылдың 1 наурызында ҚР Президентімен жаңа институт - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл тарихи күн егеменді Қазақстанды құрудың жаңа нүктесіне айналды, сонымен қатар қазіргі заманғы мемлекеттік құрылғыларды құру, әлеуметтік-экономикалық түрлендіруді жүзеге асыруға, бейбітшілік идеясын жүзеге асыруға, Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісіміне септігін тигізеді.

2007 жылы Ассамблея конституциялық орган мәртебесіне ие болды және конституциялық кепілдік берілген парламенттік өкілдікті алды – ҚР Мәжіліс Парламентіне 9 депутатты сайлау құқығы.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика