Инвестициялар

Биыл Ақмола облысында 95,6 млрд теңгенің 90 инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарлануда

Облыс әкiмдiгiнде С. Кулагиннiң төрағалығымен ағымдағы мәселелер бойынша жиналыс өттi, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола26 Сәуір , 10:29

Басқосуда қаралған алғашқы мәселе Ақмола облысының «ЭКСПО-2017» дүниежүзiлiк көрмесiне дайындығы болды. «Бұл елiмiз үшiн өте маңызды iс-шара, сондықтан Астана қаласының айналасындағы аумақ ретiнде бiз де өңiрдiң абаттандырылуына аса мән беруiмiз керек», — дедi әкiм.

Оған қоса, өңiр басшысы Щучинск қаласын да абаттандыру мәселесiн көтердi. Биылғы жылы аталмыш аудан орталығын абаттандыру және жол құрылыстарын жүргiзу жұмыстарына облыстық бюджеттен 70 млн. теңге қаражат бөлiндi. «Жыл сайын туристiк маусым кезеңiнде Бурабай аумағына жан-жақтан мыңдаған қонақ келедi. Сондықтан бұл мәселеге атүстi қарамай, жұмыстарды белсендiру керек», — дедi әкiм.

Жиналыста облыс әкiмi өндiрiс саласындағы жекешелiк әрiптестiк аясында iске қосылып жатқан әлеуметтiк нысандардың барысына да көңiл бөлдi. Облыстық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы басшысының м.а. Е. Оспановтың айтуынша биылғы жылы 3 мың жұмыс орнын құратын, ортақ соммасы 95,6 млрд.теңгенiң 90 инвестициялық жобасы енгiзiлмек екен. Оның 8-i ендiгi қолданысқа берiлген. Өңiр басшысы бұл жобалардың барлығын өз жоспарлы уақытында аяқтап, пайдалануға берудi тапсырды.




Яндекс.Метрика