Өңірлер

Ақтөбе облысында мемлекеттік меншікке 83 жер телімі қайтарылды

Жеке меншікте болған немесе мақсаттары бойынша қолданылмағндары үшін еріксіз жер телімдері тартып алынады, деп Ақтөбе облысының жердi пайдалану мен қорғау бақылауының басқарма басшысы Нұрлан Наурызбаев «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында өткен брифинг барысында мәлім етті.
Ақтөбе 26 Сәуір, 09:34

Оның айтуы бойынша, ҚР жер заңнамасының талаптарын орындау мақсатында еріксіз алынған жер телімдері бойына жұмыстар атқарылуда.

«Осылайша, 283 тексерістің қорытындысы бойынша 152 құқық  бұзушылық табылды, олардың ішінде ҚР ӘҚБтК сәйкес, 91 дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды. 23 құқық бұзушыларға қатысты 7115,9 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің қорытындысы бойынша 70 құқық бұзушылық анықталды, нақты айтқанда 168 мың ға жер телімінің 142,7 мың га аумағында. Барлық құқық бұзушыларға тиісті айыппұлдар салынып, ескертулер жасалды»,-деді ол.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысында 2013 жылдан бастап мемлекеттік меншікке 83 жел телімі қайта берілді, оның аумағы 162022,77 га-ны құрайды.

Сонымен бірге коммерциялық нысандардың құрылысына арналған жер учаскелері тексерілді. 79 тексеріс барысында 69 жер учаскесінде құқық бұзушылық анықталды. 





Яндекс.Метрика