Қазақстанның Тәуелсіздігі

Мәскеуде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастар форумы өтті

Мәскеудегі ұлттар үйінде «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілікке 25 жыл, келісім мен жасампаздық» деген атаумен Жастар форумы өтті. Форумды Мәскеу қаласындағы «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы мен қазақстандық студенттер Ресейдегі Қазақстанның елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Әлемде 26 Сәуір, 09:16

Іс-шараға ресейлік ғалымдар мен сарапшылар, мәскеулік жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, қазақстандық студенттер, аспиранттар мен докторанттар және «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары қатысты, деп хабарлайды РФ-ғы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі.

Форум жұмысын ашқан модератор, Өңірлік проблемалар институтының бас директоры Дмитрий Журавлев КСРО құлаған кезде барлық республикалардың алғашқы қадамдары бірдей болғанын айта келіп, Қазақстан тұрақты экономикалық және саяси жүйесін құрып, алға ұмтылып кетті, деді. Жас, күш қайраты басым, кез-келген істі алға жылжытып алып кететін мемелекеттік аппарат құрды. Сонымен қатар, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтап, сыртқы саясатта да өз бағытын айқындап алған ел екенін тағы бір еске салды.

Форум барысында қазақстандық студенттер, магистранттар мен аспиранттар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, елдің экономикасындағы, ауыл шаруашылығындағы, энергетика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет, туризм мен сыртқы саясаты жайында және еуразиялық интеграцияға Астананың қосып жатқан үлесі жөнінде баяндамалар жасады.

Пікір талас кезінде  форум қатысушылары Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінің негізгі ержелерін талқылап, бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Астананың әлемдік және дәстүрлі діндер съезін ұйымдастыруын, «Мәңгілік ел» ұлттқы идеясын, сонымен қатар, қазақстандық жастардың елді жаңғырту үрдісінде атқарып жатқан жұмыстары туралы да ойларын ортаға салды. 





Яндекс.Метрика