Ұлтаралық бірлік

ҚХА жанындағы этникалық қоғам Қазақстан халқын біріктіру бойынша жұмыс істеуде (ВИДЕО)

Қазақстан халқы Ассамблеясы - халықтың ірі институты, республиканың барлық халқын біріктіріп отыр, ҚХА жанынан құрылған барлық қоғам халықты біріктіру бойынша ортақ істі атқарып отыр, деді «Жандану» немістер қоғамы мектебінің жетекшісі Роза Приваленко Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 26 Сәуір, 08:59

«Қазақстан халқы Ассамблеясы  - халықтың ірі институты, республиканың барлық халқын біріктіріп отыр. Біз әлемнің әр түпкірінде толқулар болып жатқанын естиміз, ал біздің ел тыныш себебі ҚХА сынды институты бар. ҚХА 20 жыл бойы тиімді жұмысты атқарып келеді», - деді ол.

Оның айтуынша, Ассамблея жанынан құрылған қоғам халықтың бірігуі бойынша ортақ істі атқарып отыр.

«Мен ҚХА байланысқан көптеген шараларға барамын,  маған барлық этностардың бір-біріне деген қарым-қатынасы ұнайды. Л.Толстой атап өткендей: «Бір талды алып сындырып көріңіздер, ол кез келгеннің қолынан келеді, ал бір бума талды сындыра алмайды». Бірлік те осы сынды бірлікте күн кешкен халық әрқашан бейбіт, мықты», - деді ол.

«Жандану» немістер қоғамы 20 ғасырдың 1990 жылдарынан бастап жұмыс істеуде. Қоғам  қазақ жеріндегі  неміс халқын біріктіру мақсатында құрылған болатын.

«Бұл істің барлығы бірігу үшін, достық үшін жасалып жатыр. Немістер қоғамы жанынан көптеген қызықты лабораториялар ашылды. Оның бірі – жастар қанаты, театр, жастар клубы сынды үйірмелер жетерлік», - деді Р.Приваленко.

Сондай-ақ, немістер қоғамы жанынан кішкентай балалар да дамуда, бұл мектепке дейінгі  «Вундеркинд» мекемесі, күніне әр түрлі курстарда 500 адам білім алады. Қазақ тілі мен неміс тілі үйірмелері өтеді.

«Қазақстанда 130 ұлттың өкілі күн кешуде, біз біріншіден, қазақ дәстүрін насихаттауымыз керек, балалар өз елінің патриоты болуы керек. Қазақстан мен Германия арасында көптеген шаралар жүргізіледі, оның барлығы халық пен ұлтты біріктірудің амалы», - деді ол.

Индира Кауметова

Видео: Азамат Әлиева





Яндекс.Метрика