Халықаралық интеграция

Қ.Тоқаев Әзербайжан Президентіне «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің мәтінін табыс етті

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясы Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер Альянсі VII жаһандық форумына қатысу үшін Бакуге жұмыс бабындағы сапармен барды.Сапар аясында Сенат Төрағасы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Әлемде 25 Сәуір, 19:57

Қ.Тоқаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ізгі тілектестігін табыс етті. Төраға Әзербайжан басшысын БҰҰ Өркениеттер Альянсі «Инклюзивті қоғамдарда қатар өмір сүру: қатер мен мақсат» тақырыбындағы жаһандық форумын өткізуімен құттықтады. Сенат басшысы Әзербайжан жетекшісіне қарулы қақтығыстар мен соғыстарды түбірінен жоюды толық қамтитын бағдарламасын әзірлеу ұсынылған Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің мәтінін табыс етті. Президент И.Әлиев форумға жоғары деңгейде қатысқаны үшін қазақстандық делегацияға алғысын білдірді және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы өзара достық қатынастарды одан әрі нығайту жайында айтты. Ол Әзербайжанда көрнекті мемлекет қайраткер саналатын Президент Н.Назарбаевқа ізгі тілектестігін жолдады.





Яндекс.Метрика