Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Азаматтық авиация комитеті ИКАО-ның елеулі ескертпелерінің барлығын жойды – ИДМ

Бүгінгі күнге Комитет ИКАО-ның елеулі ескертпелерінің барлығын жойды және алынала мәліметтерге қарағанда Стандарттар мен ИКАО-ның Ұсынылған практикасын енгізу тиімділігінің Қазақстандағы орташа деңгейі 65%-дан 74%-ға дейін көтеріледі6 деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Сәуір , 18:32

Ал бұның бүкіләлемдік орташа көрсеткіші  63%. Ұйымның белгіленген ресімі бойынша есеп қорытындысы биылғы жылғы шілдеде шығарылады деп күтілуде. 

Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының Валидациялық комитеті 2016 жылғы 20 сәуірде ИКАО-ның валидациялық миссиясының 2016 жылғы 29 наурыз-4 сәуірдегі қорытындысы бойынша Азаматтық авиация комитетінің эксплуатанттар  сертификаттарын беру үдерісі жөніндегі оған елеулі ескертпесін ойдағыдай жойғандығы туралы шешім шығарған болатын.

Комитеттің ИКАО-ның ескертпелерін жойғандығы Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі тізімінен (ЕО елдеріне ұшуға тыйым салынған әлемдегі авиакомпанияларының тізімі) қазақстандық әуе компанияларын шығару туралы шешіміне оң ықпал жасайды деп күтілуде. Қазіргі уақытта ЕО елдеріне ұшуға шектеулердің барлығы алынып тасталған жалғыз қазақстандық «Эйр Астана» авиакомпаниясы ғана.  




Яндекс.Метрика