Өңірлер

Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысына 4 млрд-тан астам қаржы бағытталады - әкімдік

2016 жылғы қаңтар-наурызда Қызылорда облысында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 100 656 шаршы метрді құрады, - деп хабарлады облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметінен.
Қызылорда25 Сәуір , 19:03

Тұрғын үй құрылысына 4 827 млн. теңге салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 19,7 %-ды  құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемінің өсуі 2016 жылғы қаңтар-наурызда Арал  (62,9%-ға), Сырдария (13,8%-ға), Жалағаш (11,9%-ға), Шиелі (9,3%-ға), Қазалы (3,2%-ға)   аудандарында байқалды. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының едәуір үлесі Қызылорда қаласына (61,2%) тиесілі.

 




Яндекс.Метрика